AMANAT-тың партиялық бақылау комитеті Анна Башинскаяның әрекетін зерттейді

«AMANAT»-тың Партиялық бақылау комитеті Анна Башинскаяның іс-әрекетіне тиісті баға береді.

«AMANAT»-тың Партиялық бақылау комитеті Алматы қаласы мәслихатының депутаты Анна Башинскаяның іс-әрекетін зерттеп, оған тиісті баға береді.

«AMANAT»-тың Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

«А.Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды. А. Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды. Мәселені тез арада тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз. Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің ұстанымын, мүддесін басты орынға қоюы тиіс», – деп жазды ол.