Зеленскийге «ақыл» айтқан Башинская депутаттық мандатын тапсырды

Анна Башинскаяның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Анна Башинская депутаттық мандатын тапсырды.

Бұл туралы Анна Башинская Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бұған дейін «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров мәселе Партиялық бақылау комитетінде қаралатынын айтқан болатын.