«Артық ештеңе айта алмаймын»: ҰҚК төрағасының орынбасары Мәсімовтің бұйрығы жайлы мәлімдеме жасады

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді.

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді.

«Мысалы, Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК қызметкерлерінің бәрі Мәсімовтің бұйрығын орындады. Дұрыс па? Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағылды. Яғни, сол бұйрықты орындаған ҰҚК қызметкерлері бар. Сондай жағдайдан қалай шығуға болады?», – деп сұрақ қойды журналистер.

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев бұл сұраққа жауап беруге тырысты.

«Тергеуде барлығы анықталды. Мен сіздің сұрағыңызды түсіндім. Тергеуде бүкіл жайт анықталды. Бәрін айта алмаймын. Бұйрық болған жоқ. Ол кісі шешім қабылдаған. Мен артық ештеңе айта алмаймын», – деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.