Турнирде 19 жастағы Бибісара Асаубаева бұрынғы ресейлік, қазір Швейцарияның атынан өнер көрсететін Александра Костенюкты жеңді. Бұл – Асаубаеваның Гран-при кезеңіндегі бірінші жеңісі. Бұған дейін ол төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған еді.