Оралда 18 жастағы қыз 8-қабаттан секіріп кеткен

Марқұмның мәйіті Орал қалалық сот-медициналық сараптамасына жіберілді.

Оралда 18 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады, – деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Бойжеткеннің денесі 18 мамырда сағат 12:30 шамасында табылған. Ол қалада 4-шағын аудандағы көпқабатты үйдің 8-қабатынан секіріп кеткен.

"Марқұмның мәйіті Орал қалалық сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Қазір ҚК-нің 105-бабы 1-тармағы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеу жүріп жатыр", – делінген ресми хабарламада.