Бүгін Президент Қатар әмірімен кездеседі

Кездесуде білім, ғылым, мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланады.

Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бүгін бірнеше кездесу жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді.

Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.

Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды.

Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі.

Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.