Астанада 12-қабаттағы терезеден әйел мен бала құлап кетті

Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты, бала ауруханада қайтыс болды.

Астанада 12-қабаттағы терезеден әйел мен бала құлап кетті.

«9 маусым күні сағат 14.19-да «102» арнасына Сығанақ көшесінде 12-қабаттағы терезеден әйел мен бала құлап кеткені туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты, бала ауруханада қайтыс болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды»,  делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев