Астаналық әйел мен баласы 12-қабаттың терезесінен құлап кетті

Астанада әйел баласымен 12-қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшіге қалалық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 маусымда сағат 14.19-да болған.

"102" арнасына Сығанақ көшесі бойындағы 12-қабаттың терезесінен әйел баласымен құлап кетті деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында, бала ауруханада қаза болды", – делінген хабарламада.

Дерек бойынша соталды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.