Полицейлер 5-қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, сөзбен тыныштандырған.

Атыраулық полицейлер 5-қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды polisia.kz.

9 маусым күні сағат 17:00 шамасында 102 арнасына Авангард ықшамауданында орналасқан үйдің 5-қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторы дереу жетіп, көпқабатты үйдің 1-подъезді арқылы 4-қабатқа көтеріліп, аталған азаматтың пәтерінің терезесінен кіріп, ер адамды құтқарып қалған.

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, сөзбен басу айтып тыныштандырған. 1959 жылы туған ер адам отбасылық жанжал әсерінен осындай іс-әрекетке барғаны анықталып, қазіргі таңда алғашқы медициналық көмек көрсетілді.