Екі жасар бала ашық қалған кәріз құдығына құлап, көз жұмды

Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қостанай облысының Тобыл қаласында екі жасар бала беті ашық тұрған құдыққа құлап қайтыс болды, - деп хабарлайды alau.kz.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өлім фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің  254-бабы "Мiндеттерiне адал қарамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.