Такуа Ямагаси TikTok-та қазақ ұлты мәдениетінің дамуына қолдау білдірмек

Бұл туралы “AMANAT” партиясы фракциясының депутаты Ерлан Саиров айтты.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров  TikTok-тың вице-президенті Такуа Ямагасимен кездесіп, Қазақстанда TikTok-ты дамытудың перспективаларын қарастырды.

Кездесу барысында Такуа Ямагаси TikTok-та қазақ ұлты мәдениетінің дамуына қолдау білдіретінін жеткізді.

 

«Ямагаси мырзамен TikTok-та қазақтың мәдени брендін дамыту мәселесін қарастырып отырмыз. Яғни, Қозы Көрпеш Баян Сұлу секілді  ұлттық шығармалар мен Абай, Шәкәрімдердің мұрасын дүниежүзінде, оның ішінде TikTok-та қалай әрі қарай дамытамыз деген сұрақтар бойынша ақылдасып отырмыз. Ямагаси мырза Қазақстанның  мәдениетін TikTok-та дамытуға өз үлесін қосатынын айтты. Сонымен қатар Қазақстанда TikTok-ты дамытудың жан-жақты аспектілерін де қарастырдық. Ең негізгісі TikTok-та қазақ мәдениетінің реңі болуы керек. Біздің досымыз да осыған келісіп отыр»,  – деді Ерлан Саиров.