Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс тіркелді?

Қазақстанда бір аптада 3 608 қылмыс тіркелді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстың жартысы ізі суымай ашылды. 

«Бір аптада 3 608 қылмыс тіркелді. Оның 1893-і бір тәулік ішінде ашылды. 2 кісі өлімі, 1 өлімге әкеп соқтырған ауыр қылмыс, 2 қарақшылық, 35 тонау, 377 ұрлық әшкере болды», – деді министрлік өкілі. 

Бұған дейін Астанада банк қызметкерін кепілге алып, қару кезенген қаскөймен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өзі келіссөз жүргізгенін хабарлаған болатынбыз.