Семей-Шымкент бағытындағы ұшағы ауа райына байланысты Алматыға қонды

FlyArystan әуе компаниясы ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберілетінін хабарлады.

FlyArystan әуе компаниясы сағат 15:25-те Семейден Шымкентке ұшып шыққан лайнердің ауа райы қолайсыздығына байланысты Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Ұшақ Алматыдан Шымкентке 19.06.2023 сағат 21:00-де ұшады деп жоспарлануда.

Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ жолаушылар flyarystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады.

Әуекомпанияның кінәсінің жоқтығына қарамастан, біз рейстің жолаушылары:

1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады.

2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады.

Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгінуді сұраймыз.

3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

«Біз ауа райының қолайсыз жағдайлары жолаушылардың жоспарларына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуекомпания барлық рейстерді уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз», – дейді әуекомпания өкілдері.