Атырау облысында әкесін ұрып өлтірді деген күдікпен 38 жастағы ер адам қамауға алынды

Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысында 38 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірді. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Индер ауданының Есбол ауылында болған.

«Индер ауданында 21 маусым күні таңғы сағат 4:30 шамасында 1959 жылғы ер адам қайтыс болған. Зейнет жасындағы ер адамды 1985 жылғы ұлы соққыға жыққан. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. Ол тергеу амалдары негізінде анықталады.