Қазақ еліне мың алғыс!
Қазақ еліне мың алғыс!
369
оқылды
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін «Алғыс айту» күні мерекесі Шымкент қаласында да аталып өтті. Мерекелік шара  Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған аймақтағы депутаттар мен зиялы қауым өкілдері,  этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Алдымен «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қоюмен бастау алды. Қонақтар одан соң фоедегі этно-мәдени бірлестік өкілдері ұйымдастырған қолөнер бұйымдары мен кәсіпкерлер өндірген тауарлардың көрмесін тамашалады.    width= Салтанатты жиын барысында кеңестік кезеңде Қазақстанға жер аударылған этностардың өткені мен бүгіні туралы қысқаша бейнефильм көрсетіліп, «Қазақ еліне мың алғыс!» тақырыбында театрландырылған хореографиялық қойылым ұсынылды. Сөз алған қала әкімі М. Әйтенов тәуелсіздіктің толағай табыстарын атап өтті. Мерекелік шара соңы өнер майталмандарының концерттік бағдарламасына ұласты. Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы