Жетісуда түнде жолда жүрген адамды көлік қағып кетті

Алматы-Өскемен тасжолында ер адам қаза тапты.

Бүгін Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Lexus ES 300 автокөлігі жол апатына ұшырады. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жапондық шетелдік көлікті 34 жастағы ер адам басқарған. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 177-шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.

Қаза тапқан адам – Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны. Оның елсіз далада түн ортасында трассада жүрген себебін полицейлер анықтап жатыр. 

Аталған факті бойынша қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу басталды. 

Автокөлікті арнайы автотұраққа қойды.