Атырауда қайықтар соқтығысынан зардап шеккен 6 жасар бала ауыр жағдайда жатыр

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алты жасар бала Атырау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилованың айтуынша, қайықтардың соқтығысуынан 7 адам ауруханаға жеткізілген.

– Атырау облыстық ауруханасына 3 науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның 2-еуі амбулаторлық ем қабылдауға үйіне жіберілді. ЛОР бөлімінде 1 адам ем қабылдауда. Облыстық балалар ауруханасына 4 бала көмекке жүгініп, 1-еуі амбулаторлық ем қабылдауда. 2017 жылғы  науқас жансақтау бөлімінде. 2009, 2007 жылы туған науқастар түрлі дәрежеде жарақат алған, – деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетелік, 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында  Жайық өзенінде екі қайық соқтығысқан еді.

Баян Жанұзақова

Фото: lentaregion.ru