Іле-Балқаш резерватында өрт сөндіру әлі жалғасып жатыр

Резерват басшылығының ақпараты бойынша қазір өрт аумағы анықталып жатыр.

Іле-Балқаш резерватында өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

6 шілде күні сағат 21:00-де Алматы облысының ТЖД Қараой ауылынан 30 шақырым жердегі Қараой ауылдық округінде «Іле-Балқаш «МТР» РММ аумағында қолжетімділігі қиын, батпақты, жолсыз жерде қамыстың жанғаны туралы хабарлама түскен. 

«Оқиға орнына келгеннен кейін 2 Кордон аумағында қамыстың жанғаны анықталды. «Вагон» кордонында сағат 03:30-да қайық пен мотопомпаны пайдалана отырып, қабылданған шара негізінде өрт оқшауланды. Наурызбай қордонында (2 тоқсан, 1 телім) шамамен 20 га алаңда 5 ошақта қамыс жанған. 2 өрт ошағы жойылды. «Іле-Балқаш «МТР» РММ және Алматы облысы ТЖД 22 адам мен 8 техника бірлігінің күшімен (олардың арасында мотопомпалары, жүзу құралдары бар) өрт ошақтарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ», – делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Қарой ауылының өртке ең жақын елді мекені 30 шақырым қашықтықта орналасқан.