Жетісу облысында ер кісі әйелді зорлап, сосын өртеп жіберген

Жетісу облысында ер адам 1980 жылғы әйелді зорлап, аса қатыгездікпен өлтірген, – деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Артынша ізін жасыру үшін күдікті мәйітті өртеп жіберген. Сұмдық оқиғаға қатысты полиция заңда көзделген қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

«Күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.