Қызылордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 2 адам мерт болды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызылорда қаласының маңында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды.

Оқиға бүгін, 14 шілде күні сағат 7:00 шамасында Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат ауылы аумағында болған.

«Шымкент-Самара» тасжолы бойында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі және 3 жолаушысы дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

«Оның біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Қызылорда облыстық Полиция департаменті.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.