Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымы құрамындағы спортшылар қатарынан шығып қалды. Бұл туралы UFC Roster Watch Twitter-аккаунты жазды.
Ұйымдағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтарды хабарлайтын парақшада Жалғастың жекпе-жектері тоқтағаны жайлы ақпар берілген.
Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегінде 24 маусымда UFC дебютанты америкалық Джошуа Вангтан (8:1) жеңілді.