Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Оқиға бүгін таңертең болған.

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне  бүгін сағат 09.00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Polisia.kz-тің мәліметінше, облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөлігі соқтығысқан. 

Апат салдарынан көліктер өртенген. 

Апаттан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ПД басшылығы барды. 

Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің  345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.