ШҚО-да пойыздың көмегімен өртенген шөп сөндірілді

Жеке құрам өртке жаяу жетуге мәжбүр болды.

Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру пойызының көмегімен өртенген шөп сөндірілді.

17 шілдеде сағат 16:43-те Риддерден 15 шақырым қашықтықта, "Өскемен-Риддер" теміржолының бойында 10 шақырым ұзындықтағы құрғақ шөптер, бұталар мен ағаштар жанды.

Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, орманшылықтардың күштері мен "ҚТЖ "ҰК" АҚ өрт пойызы, Шығыс Қазақстан облысы әуе бөлімшесінің тікұшағы, барлығы 46 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылды. Жеке құрам өртке жаяу жетуге мәжбүр болды.