Демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы белгілі болды. «Қазгидромет» 21 шілдеде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 22-24 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

Астанада:

22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С.

23 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.

24 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.

Алматыда 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Оңтүстік мегаполисте түнде +21+23°C болады. Күндіз Алматыда қатты аптап ыстық болады деп ескертеді синоптиктер: +33+35°С.

23-24 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C.

Шымкентте ыстық ауа райы сақталады:

22 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.

23 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +36+37°С.

24 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +38+40°C.