Маусым айында қазақстандықтар 800 млрд теңге несие алды

Маусым айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл тарихи максимум.

Берілген тұтынушылық кепілсіз несиелердің көлемі 800 млрд теңгеден асты. Бұл да рекорд.

Берілген автонесие көлемі 130 млрд теңгеден асады. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Бір айда 2,5 миллионға жуық адам жаңа несие алуға өтініш білдірді. Бұл көрсеткіштен көбірек көрсеткіш тек 2022 жылдың қарашасында болды.