Бір аптада 10 адам кісі қолынан қаза тапты

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бір аптада 3011 қылмыс тіркелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тіркелген қылмыстың 1810-ы бір тәулікте ашылды.

ІІМ дерегінше, бір аптада 10 адам кісі қолынан қаза тапты. Полицейлер 5 кісі өлтіру дерегінің ізін суытпай ашты. Өлімге душар еткен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген 5 дерек, 1 қарақшылық, 34 тонау, 430 ұрлықты әшкереледі. 

Бұған дейін ШҚО-да 5 ай із-түзсіз жоғалып кеткен әйелді туған ұлы өлтіргенін жазған болатынбыз.