Астаналық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарып алды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астанада көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, өрт сөндірушілер пәтерде болған жас жігіт құтқарып алды.

«Бүгін сағат 15.55-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға шықты. 6 минуттан кейін шақыру орнына кезекші қарауыл келді. Онда 30 шаршы метр аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт  сағат 16.28-де оқшауланып, 16.44-те сөндірілді. Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1996 жылғы пәтер иесі – ер адамды құтқарды. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды»,  - делінген хабарламада.