Түлкібаста үйінде есірткі өсірген тұрғын анықталды

Ер адамның ауласынан есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді.

Түлкібас аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі үйінде құрамында есірткісі бар өсімдік егіп, сақтағаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлады Polisia.kz.

Күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап, оның тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер адамның ауласынан егілген 79 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ жүк көлігінің салонынан газетке оралған есірткіге ұқсас бес зат, ал сарайынан төрт орама, аулада тұрған диванға жасырылған бір есірткі орамасы алынды. 

Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша егістіктен алынған өсімдік сора, сонымен қатар орамадағы есірткілер 500 грамға жуық марихуана болып шықты.   

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды.