АИТВ жұқтыру бойынша еліміздегі медициналық мекемелер тексеріледі

Бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында.

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабы 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді.

Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда.