Петропавлда мас тұрғын ауладағы адамдармен төбелескен, ол қамауға алынды

СҚО-да белгісіз тұрғын мас күйінде тұрғын үйдің алдында төбелес шығарып, кейін қамауға алынды.

5 тамыз күні сағат 09.06 шамасында полицияға Петропавл қаласы Жамбыл көшесі, 286 мекенжайындағы үйдің ауласында белгісіз ер адам мен осы үйдің тұрғындары арасында жанжал болғаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері заңды талаптарына бағынбауға тырысқан 36 жастағы ер адамды ұстады. Медициналық куәландырудың нәтижесіне сәйкес, ұстаған сәтте ер адам алкогольдік масаң күйде болған. Өзімен бірге жеке куәлігі болмаған.

Нәтижесінде, ұсталғанға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") бойынша, 492-бабы  ("Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру") бойынша, 667-бабы ("Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") бойынша әкімшілік іс қозғалды.