«Атырау-Астрахан» бағытындағы пойызбен лагерьге бара жатқан жасөспірім көз жұмды

Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан.

«Атырау-Астрахан» бағытындағы пойызбен лагерьге бара жатқан 13 жастағы бала көз жұмды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.

«7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахан» пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болды. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Нарын станциясына жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын тіркеді.

Қайғылы оқиғаның себебі сараптама қорытындысынан кейін анықталады», – делінген мәлімдемеде.