Меркі тауларындағы өрт сөндірілді

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Жамбыл облысындағы Меркі тауларында 350 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

«7 тамызда сағат 7:00-де Жамбыл облысының Меркі тауларында 350 га алаңда қураған шөп өрті сөндірілді. Өртті сөндіру барысында жалпы әуеден 40,5 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, тығыз өскен қураған шөп пен өрт ошағына жетудің күрделілігімен, су көздерінің қашықтығымен және құбылмалы жел екпінінен қиындай түсті», – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.