Он бес жыл іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы Астанада ұсталды

15 жыл іздеуде жүрген шетелдік азамат Астанада ұсталды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды.

– 2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталды. 2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемге мемлекетаралық іздеу жариялаған, – делінген хабарламада.

Қазір ер адам Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.