Қайғылы оқиға Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тасжолында болды.
Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 2 адам қайтыс болды
650
оқылды

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысып, екі адам көз жұмды.

Облыстық полицияның хабарлауынша, Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тасжолында жедел жәрдем машинасы мен «Урал» жүк көлігі соқтығысты. Жол апатынан екі адам қаза тапты.

«Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем машинасының 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені алдын ала анықталды, ол рульге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жедел-жәрдем машинасының жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген хабарламада.

 

Фото: azattyq-ruhy.kz