Екі облыста ескерту жарияланды

Екі облыста ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК. 4 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде қар мол көлемде жауады. Бірқатар өңірлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 4-5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз 5 наурызда кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді.