Биыл жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Мектеп оқушылары үшін жаңа 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 36 аптаға созылған оқу жылына сын көп болды.

«Әлемдік тәжірибе болса да, тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Меніңше, биыл жаңа оқу жылында 34 апта оқып, мектепте сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп санаймын», – деді Тамара Дүйсенова. 

Биыл, яғни 2022-2023 оқу жылы 31 мамырда аяқталды. Мәжіліс депутаты  Аманжол Әлтай соңғы қоңырау мерекесін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынғанын жазған болатынбыз.