Алматының Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйден тағы өрт шықты

Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Алматының Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйден тағы өрт шықты.

 

Бүгін сағат 19:29-да 101 пультіне Алматының Алатау ауданы Ақкент шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабатта өрт шыққаны турал хабар түскен.

Пәтердің асүйінде ауа сорғыш жанғаны белгілі болды. Өрт сағат 19:49-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, 2023 жылғы 1 тамызда Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.