Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионына қарсы кездесу өткізеді

Мамырда Әлімханұлы чемпиондық белбеуін Стоктонда (Калифорния, АҚШ) қорғады, ол кезде канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан күні Розенбергте (АҚШ) IBF чемпионы Винченцо Гуальтиеримен жұдырықтасады.

Әлімханұлы екінші рет WBO атағын қорғайды. Гуальтиери үшін бұл бірінші қорғаныс болады. Ол шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңген еді.

"Құдай қаласа елге екі чемпиондық титулмен қайтамыз! Тағы да тарих жасаймыз!", - деп жазды Әлімханұлының өзі Insatagram-дағы парақшасында.