Қайрат Досымов: Жолдау – болашаққа айқын бағдар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталады.

Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Досымов Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді. Депутаттың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.

«Мемлекет басшысы биылғы жолдауда төменгі жалақыны өсіру туралы айтып өтті. Бұл тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге септігін тигізетіні анық. Агроғылымды дамыту мәселесі. Су тапшылығын болдырмау және алдын алу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, шаралар атқарылары сөзсіз. «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 400-ге жуық мектеп салынады. Аталған мектеп ауданымызда салыну жоспарлануда. Сонымен қатар, ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Аталған нысанның екеуі біздің ауданымыздағы Мырзабай ахун және Аламесек ауылдық округтерінде бой көтеріп жатыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, ауданымыз бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мақсаты бойынша пайдаланбаған тұлғалардан 33 000 гектар жер учаскелерін қайтару жоспары бекітілді.

Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылып, еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Әр жолдау еліміздің әр саласына жаңа серпінмен талпыныс беретіні анық. Олай болса еліміздің жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау әр азаматтың борышы» – деді депутат Жолдауға қатысты пікірінде.