Таңғы бесте мешітте намаз оқып жатқан ер адамды тонап кетті

Құны 100 мың теңге тұратын телефонды күдікті қызмет көрсету орталығына парольді ашу үшін беріп жібергені белгілі болған

Елордалық азамат жергілікті мешіттің бірінде телефонын ұрлатып алды. Күдікті анықталып, өз кінәсін мойындады.

Полицияға қала тұрғыны мешітте ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып арызданған. Тергеу барысында ер адамның мешітке таңғы сағат 05:00-де намазға келгені, одан кейін демалуды ұйғарып, ұйықтап кеткені анықталды. Зардап шегуші TecnoCamon 19 Pro телефонын токқа қойып, оянғанда оны таппаған.

"Есіл аудандық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының 27 жастағы тумасын анықтады. Құны 100 мың теңге тұратын телефонды күдікті қызмет көрсету орталығына парольді ашу үшін беріп жібергені белгілі болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.