Қызыл тәпішкені мамам әперді: Қайын жұртына барған Ерке Есмахан енесін мақтады

Танымал әнші Ерке Есмахан Оралға барып, қайын жұртымен танысты. Раим Бақтыгереевтен бірнеше жас үлкен болғанына қарамастан, әнші қайын жұртына иіліп сәлем беріп, келіндік міндетіп атқарып жүр, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ерке мен Раимның Орал өңіріне барғанын желідегі парақшаларының сториздарынан көруге болады. Онда әнші тіпті енесі оған үйге киетін аяқкиім әпергенін айтып, көпке жар салды.

«Түскі ас ішіп алдық. Атам балаларды сабақтарына алып кетті. Шығарып салып, үй жиыстырып болып жатырмын. Қызыл тәпішкені мамам әперді, әдемі иә?»,  деп жазды ол.