Атырауда электр кабельдерін тонаумен айналысқандар ұсталды

Күдіктілерден жауап алу барысында олар ұрланған кабельді Ақтөбе қаласында орналасқан темір-металл қабылдау орталығына тапсырғандарын мойындады.

Атырау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жылыой ауданының аумағында бағанаға ілінген электр кабельдерін жасырын жымқырып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді.

Олар  1997,  1998 , 1999 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты.

Сондай-ақ 1999 жылғы күдіктінің ГАЗель автокөлігін тінту кезінде, 7-8 қыркүйек аралығында жымқырылған шамамен 4 шақырым жоғары вольтты электр желінің кабелі тәркіленген.

"Күдіктілерден жауап алу барысында олар ұрланған кабельді Ақтөбе қаласында орналасқан темір-металл қабылдау орталығына тапсырғандарын мойындады. Қазір оларға қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс басталып, қамауға алынды. Жылыой ауданы аумағында электр бағаналарын орнатып ток жүргізіп жатқан компанияларға 100 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Аталған дерек бойынша,  ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", -  делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте. 

Баян Жанұзақова