Алматы полициясы жастардың жаппай төбелесіне байланысты түсінік берді

Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушыларынан мән-жай анықталуда.

Желіде жастардың жаппай төбелесінің видеосы тарады. Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Видео авторының сөзінше, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бірінің көзіне оқ атқан.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушыларынан мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қолға алынды», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.