Алматыда жаппай төбелес шығарған жастар ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасады.

Алматыда жаппай төбелескен жастар ұсталды.

Алматы қалалық Полиция департаменті 14 қыркүйектен 15-іне қараған түні Алмалы ауданында тіркелген жаппай төбелес ішінде болғандар анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

«Төбелескендердің бірі ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын хабарланғандай, аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, Алмалы аудандық Полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасады», – деп атап өтті Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.