Оралға қонған ұшақта 17 жастағы қыз қайтыс болды

Ұшақ Қазан – Анталия бағытында ұшқан.

Жол-жөнекей Оралдағы М.Мәметова атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Turkish Airlines ұшағы Қазан қаласынан Анталияға 17 қыркүйек күні сағат 12:44-те ұшып шыққан. Әуеде 17 жастағы қыздың жүрегі тоқтап қалған. Дәл осы ұшақтағы жолаушы – екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдыруға талпынған. 45 минут алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бірақ қыз ұшақта көз жұмды. Осыдан кейін ұшақ Оралға мәжбүрлі түрде қонды.

«Орал» халықаралық әуежайының» баспасөз қызметі ұшақтың 17 қыркүйек күні 16:01-де қонып, 2,5 сағаттан кейін қайта ұшып кеткенін хабарлады.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы қыз жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткенін нақтылады. Жедел жәрдем сағат 16:02-де шақыртылып, сағат 16:17-де оқиға орнына жеткен.

Фото: baq.kz