Күрестен әлем чемпионатында қос қазақ палуаны қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды

Кеше ұлттық құрама палуаны Марлан Мұқашев 1/8 айналымда (55 кг) украиналық спортшыны ұтқан болатын.

Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қос қазақ палуаны қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызмет хабарлайды.

Жұбаныш белдесуде Марлан Мұқашев (55 кг) Таига Онишиды (Жапония) сенімді ұтты – 9:0. Ал Демеу Жадыраев (77 кг) молдовалық палуан Александрин Гутудан 7:2 есебімен басым түсті.

Енді М.Мұқашев кешкі сессияда осы салмақтағы биылғы әлем чемпионы, ирандық Пуйа Дадмарзбен, Д.Жадыраев әлем чемпионы және қола жүлдегері Малхас Аоянмен (Армения) күш сынасады.