Республикадағы 800 жоғары технологиялық кәсіпорында білікті маман тапшы. Мұны Еңбек министрлігі де растап отыр.
Техниканың тілін білетін жан тапшы
1,502
оқылды

 Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының еңбек нарығында ұсыныстан сұраныс үш есе көп. Жыл сайын техникалық мамандарды дайындауға мыңдаған гранттың бөлінетіні белгілі. Бірақ дипломы бар жастың жолында не кедергі?

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге техникалық мамандар жеткіліксіз екенін, сол ба­­­­­­­­­­­ғытқа Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі керегін айтты. «Өнер­­­­кәсіптік инженерлердің жаңа буы­­нын өсіру қажет», –  деді Мем­­­лекет басшысы. Елімізде техникалық ба­­­­­ғыттағы маман санын арттыру мә­­селесі соңғы 10 жыл бойы айты­­­­лып келе жатыр. Мәселен, 2011 жы­­­­­лы іске асқан «Жұмыспен қам­­­ту –  2020» бағдарламасында техникалық және қызмет көрсету саласында қызмет­­кер тапшылығы байқалады делінген. 2014 жылы да елімізде инженер-механик, инже­нер-энер­гетик, ин­­женер-жобалау­шы, құрастырушы, электрмен дәне­керлеуші, электрик, слесарь, сантехник, токарь секілді мамандар тапшы екені айтылды. Ал 2022 жылы автомобильдер мен ав­тобус­тардың жүргізушілеріне, техно­логия­­лық қондырғыларды жөн­дейтін слесарьларға және тех­­­­­­­­нололо­­­гиялық жабдықтарды мон­таж­дайтын білікті кадрларға сұра­ныс артқан. Бұл –  Еңбек ресурста­рын дамыту орталығының ресми дерегі. Демек, техникалық маман­дар әлі де жетіспейді. 

Статистикаға сүйенсек, былтыр электронды еңбек биржасында 72,3 мың бос жұмыс орны мен 54,6 мың түйіндеме орналастыр­ыл­ған. Ал білікті қызметкерлер ара­сында техникалық мамандар­мен қатар күзетшілер, медбике, мейір­герлер, тәрбиешілер тапшы. Заң­гер­­лер, әлеуметтік қызметкерлер, денешынықтыру мұғалімдері ке­рісінше көп, жұмыс таба алмай жүр. Кейінгі 5 жылда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты –  4.9. Алайда ол барлық облыста бір­дей тұрақты емес.

Маман жетіспеуі мәселеге айналды

Сарапшылардың айтуынша, тех­­никалық мамандардың жетіс­­­пеуі елмізді де шығынға батырып отыр. Қазақстан құрылысшылар ода­­ғының мәліметінше, экономи­каның негізгі қозғаушы күші өнді­ріс саласы болса, ондағы жұмыс кү­­­­­­­­шінің тапшылығынан Қазақстан жыл сайын 468 миллиард теңге жо­ғалтып отыр. Былтыр одақ мү­­­ше­­­­лері еңбек ресурстарының тап­­шы­­­­­лығы тұрғысынан зерттеу жүр­гізіп, әртүрлі бейіндегі ма­­­­­­ман­­дардан 630 мың адам керек екенін анықта­ған болатын. Яғни, әр компанияға шақ­­­­­қанда 10 ма­ман­нан жетіспейді. 

Алдағы 5 жылда елімізде 14 гиг­аватт жаңа энергетикалық қуатты­­лық қолданысқа берілуі тиіс. Бұл туралы Президент өз Жолдауында айтты. Сондықтан маман даярлау мәселесі –  кезек күттірмейтін мә­се­­ле. Статистикаға сүйенсек, соң­ғы үш жылда еліміздің энерге­тика клас­терінде маман саны 18 пайызға азайған. Мысалы, апатты жағдай­дағы Риддер жылу беру орталығына 100-ге жуық жұмысшы қажет. Шы­ғыс өңіріндегі стансаларға жергі­лікті политехникалық кол­ледж маман дайындайды. Кәсіп­­­орын­дармен меморандумға да отырып, студенттер конвейер­лер­дің жаңа технологиясын үйреніп жүр. 

– Біз мамандарды кемінде 3-4 жыл оқытамыз. Бұл уақыт ара­лы­ғында өндіріс саласындағы та­лап­тардың өзгеруі әбден мүм­кін. Сондықтан оқу орда­сының мате­­риал­­дық-техникалық база­сын әр­дайым жаңартып отыру керек, –  дейді техникалық уни­­­­­верситет про­­­ректоры Жадыра Қоңырбаева. 

Еліміздегі ірі өнеркәсіп орын­дары белгілі бір өңірлерде ғана орн­аласқан. Сол себепті аймақтарда даярланған кадрлар сұранысты то­лық өтей алмайды. Сондықтан сала мамандары республикалық ең­бек биржасын құрып, қажетті кә­сіп иелерін өзге өңірлерден табу­ды ұсынып отыр. Айталық, зама­науи металл балқыту құрылғы­лары да бағдарламалауды қажет етеді. Мәселен, Өскемендегі мыс зауыты толықтай цифрландырылған. Күр­делі қызмет автоматикаға жүкте­­­­ліпті. Кешенде мыңдаған маман ең­бек етеді. Жоғары оқу орындарын тәмамдаған жастардың біліктілігін арттыруға зауыт басшылығы жы­лы­­­на 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсайды. Сондықтан өндіріске келуге ниет еткендерден жаңа ІТ-формациясын қалыптастыру мә­­­селе­­­­сі көтерілген. Алайда бірін­ші кезекте зерек жандарды табу қажет. Себебі Павлодар мен Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында техникалық мамандарға сұраныс ұсыныстан үш есе артық. 

– Елімізді толықтай қамтитын еңбек биржасын қалыптастыру маңызды. Сонда өзге өңірдің ма­­ман­дары да ірі өнеркәсіптерде ең­бек ете алар еді. Біз маман таппай қиналып отырсақ, басқа аймақта жұмыс таппай отырғандар қанша­­ма? –  дейді мыс зауытының өкілі Андрей Лазарев. 

 

Жас маманға кедергі көп

Техникалық маман тапшылы­­­­­ғын азайту мақсатында Жоғары білім және ғылым министрлігі ал­дын алу шараларын қолға алыпты. Яғни, техникалық университеттер мен колледждер көбейтіліп, қо­сым­ша білім гранттары бөлініп жа­­­тыр. Биыл техникалық маман­­­дыққа бөлінген мемлекеттік грант 60 пайызға көбейіп, 88 мың орынды қамтып отыр. Алайда жыл сайын техникалық мамандықтарға арнал­­ған білім грантының саны еселеп артқанымен, жұмыссыздық дең­­­­гейі­­­­­не байланысты техникалық ма­мандардың жетіспеушілігі әлі күнге дейін байқалады.

Техникалық мамандарды арт­тыру мақсатында 2012 жылдан бері Дуалды оқыту жүйесі жүзеге асы­рылып келеді. Алайда білім сарап­шыларының айтуынша, Дуалды оқытумен білім алған студент ке­дер­гісіз жұмысқа орналасып, то­лық­­қанды білікті маман болады деу – қате пікір. Өйткені бағдарлама аясында оқу орны да, жұмыс беру­ші мен студент те бірдей жауапкер­ші­­лік танытуы тиіс. Ал көп жағдай­да кәсіпорындар тәжірибеден өтуге бар­­ған жас маманға оң қабақ та­ныт­­пайды. Өйткені маманды­ғынан то­лыққанды хабары жоқ студентке бә­­рін басынан бастап үйрету, олар­ды өндіріс орында­­рындағы құ­­­рал­дармен тегін қамта­масыз ету жұмыс берушілерге тиім­сіз. Осы­лайша, сту­­денттің тә­­­­жі­­­­­ри­­­беден өте­­тін уа­қы­ты босқа кете­ді. Мұндай кемші­ліктің алдын алу тікелей оқу орын­дарына байла­­­­нысты. 

–  Дуал­ды оқу аясында кәсіп­­орын­дарға барған әр сту­­дентке жеке тәлім­герлер бекі­тіледі. Ал тәлімгерлікке бір студент үшін төл­­енетін қаржы көлемі аз. Сту­­­­дент­терді практи­кадан өткізгені үшін қаржы сұрай­тындар да бар. Сон­­­дықтан кәсіп­орындардың жауап­­­­­­­­­кершілігін кү­шейтуге арнайы норма­­­тивтік акт қажет, –  дейді Та­раз сер­­вис және технология кол­леджінің директоры Бекболат Маймышев. 

Жаңадан қабылданған ережеге сай енді жұмыс берушілердің дуал­ды оқытуға жұмсайтын шы­ғын­­­­­дары өтелетін болды. Бірақ бұл да мәселені толыққанды шешпейді. Talap коммерциялық емес АҚ пре­зи­дентінің кеңесшісі Қадырбек Бө­рікбековтің айтуынша, дуалды оқытудың кәсіпорындарға бірден-бір пайдасы –  студенттерді арзан жұмыс күші ретінде пайдалана оты­рып, өздеріне білікті маман дайындауы. 

–  Кейбір жұмыс берушілер студент келіп тәжірибеден өтсе, технологиям бұзылып қалады деп қорқады. Ал шетелде студенттерді практикалық оқыту ірі кәсіпорын­дардың есебінен жүзеге асады. Біз­де керісінше, мемлекет білім беруі үшін колледжге, практикадан өтуі үшін кәсіпорынға қаржы бөледі, –  дейді Қадырбек Бөрік­беков.

Нормативтік-құқықтық акті­лерге былтыр енгізілген өзгеріс бойын­ша студенттің өндірістік тә­жірибеден өткен уақыты оның еңбек өтіліне есептеледі. Орташа алғанда, бұл 6 айдан 1,5 жылға де­йін. Осылайша, түлектер бұрын­­нан бар жұмыс тәжірибесімен жұмысқа еш кедергісіз орналасуы керек еді. Алайда Қадырбек Бөрікбековтің пікірінше, 3 жыл оқыған студентте мұндай еңбек өтілінің болуы мүм­­кін емес. Өйткені әр маман­дықтың оқу бағдарламасына сай орташа есеппен өндіріске кететін уақыт 3-4 айдан аспайды. 

–  Бізде дуалды оқыту жүйесінің аты бар. Бірақ жүйесі қалыптас­паған. Дуалды оқытуды 90 пайызға енгіздік. Ал кәсіптік-техникалық бағыт бойынша оқитын студент­тердің саны –  600 мың. Осыншама баланы дуалды оқытуға біздің кә­­сіп­орындар жетпейді. Дуалды жүйе тек  жұмысшы мамандықтарға ар­­­налған. Біздікілер жүйе бойынша 90-100 пайыз жұмысқа орналасты деп есеп береді. Бұл мүмкін емес, –  дейді Қадырбек Бөрікбеков. 

Шыны керек, түлектердің жартысынан көбі тәжірибеден өткен кәсіпорын­дарға барып жұмыс істемейді. BTS-Education консультанты Бауыржан Әбуов өңірлерде болашақ маман­дарды даярлау белгілі бір аймақ­­тардың қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілу қажеттігін жеткізді. Мы­салы, Қызылорда қаласына сантех­никтер қажет болса, бірінші кезекте оларды дәл сол жерде оқыту керек және осы тәжірибені өңірлер бойынша қолдану керек деп есеп­тейді. 

–  Оқыту жүйесі еңбек нары­­­­ғы­ның сұраныстарынан тыс қа­лып жатыр және қалыптасқан жүйе адамды іс жүзінде жұмысқа дайын­дамайды. Дуалды білім беру жүйе­сін жақсарту үшін ең алдымен оқы­­­туды еңбек нарығына бай­­­­ла­ныс­­тыру қажет, –  дейді Бауыр­­­жан Әбуов.

Ендеше техникалық бағытта маман дайындау мәселесін қайта қарау артық етпейді. 

Көктем ҚАРҚЫН