Карина Ибрагимова Азия ойындарында күміс жүлдегер болды

Соңғы бәсекеде тайбэйлік боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында боксшы Карина Ибрагимова күміс жүлдегер атанды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері К.Ибрагимова финалда тайбэйлік Тин Ю Линьмен қолғап түйістірді.

Соңғы бәсекеде тайбэйлік боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Карина күмісті қанағат тұтты.

Фото: kz24.news