Өзбекстанда Yandex такси қызметі тоқтауы мүмкін

1 желтоқсаннан бастап Өзбекстанда ресейлік Yandex.Go такси қызметі бұғатталуы мүмкін, - деп хабарлайды Аikyn.kz.

Бұл жағдай компанияның бірқатар талапты орындамағанынан болып отыр.

"Осы жылдың қыркүйек айында Yandex.Go компаниясына заңнамалық құжаттарға сәйкес өз қызметін екі ай мерзімде ұйымдастыруға талаптар қойылды", - деп хабарлады Өзбекстан Салық комитеті.