Қазақстандық сейсмологтер екі жер сілкінісін тіркеді

Сейсмикалық станциялар желісі екі жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмикалық станциялар желісі 11 қазанда Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 588 шақырым жерде Қытайда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1450 шақырым жерде Ауғанстан территориясында болған екі жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС хабарлады, – деп жазды Aikyn.kz.

«Қытай аумағындағы жер сілкінісі Алматы уақытымен 6 сағат 15 минут 22 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 20 км. Ауғанстандағы жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 6 сағат 44 минут 05 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14.2. Магнитудасы  6,5. Тереңдігі – 10 км. Сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен сенбіде Ауғанстанда ауқымды жер сілкінісі болып, салдарынан 2,5 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.